27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

Өзбекстан Республикасының аумағындағы FIRST DRY PORT TERMINAL - терминал өз қызметтерін TransLogistica Kazakhstan 2022-де алғаш рет ұсынады

FDPT«FIRST DRY PORT TERMINAL» ЖШҚ TransLogistica Kazakhstan 2022 мерейтойлық көрмесіне алғаш рет қатысады, онда кешенді және терминалдық қызмет көрсету бойынша өз қызметтерін ұсынады, оның ішінде: жүктерді ашық алаңда қоймалау және сақтау, жүктерді кеден қоймаларында сақтау, контейнерлер мен вагондарды өңдеу, ұзын өлшемді жүктерді өңдеу, тауарға ілеспе құжаттарды ресімдеу, көлік-экспедиторлық қызметтерді ұйымдастыру.

Мамандандырылған контейнерлік терминал өз жұмысын 2019 жылы Өзбекстан Республикасының аумағында бастады. Терминалдың жалпы ауданы 22 Га құрайды, ол жабдықталған және өз меншігінде: ұзындығы 5300 м болатын 8 теміржол жолын, жабық кеден қоймасын, ашық кеден алаңын, кедендік бақылау аймағын, тиеу-түсіру алаңдарын, мосы крандарын, ричстакерледір, ашалы тиегіштерді қамтиды, терминал Сергели т/ж станциясына жанасады.

Толығырақ ақпаратпен танысу үшін 20-22 қыркүйек аралығында Қазақстан, Алматы қаласындағы «Атакент» КІЫО-да өтетін TransLogistica Kazakhstan көрмесіндегі компанияның стендіне келіңіз.

Келушілерді арнайы жарнамалық кодпен тіркеуге арналған сілтеме: TRA022NEWS