ХТО «EXPO» | Мәңгілік Ел д-лы. 53/1, Астана, Қазақстан
«EXPO» халықаралық көрме орталығы
Ірі халықаралық және Ұлттық көрмелерді, конгрестік іс-шараларды және басқа да ауқымды іс-шараларды өткізуге арналған көп функционалды бизнес-арена. Жалпы алаңы 23 200 ш.м., Жалпы ауданы 6 200 ш.м. немесе 120 м/орын көрмелерді өткізуге жұмылдырылуы мүмкін автопаркинг ашық кеңістігі бар.
Көрме павильоны заманауи байланыс құралдарымен, инженерлік желілермен және ыңғайлы кірме жолдармен жабдықталған. Павильонның техникалық мәліметтері құрылыс салушыларға стандартты және эксклюзивті көрме стендтерін орнатуға мүмкіндік береді.
«Атакент» ҚІЫО | Тимирязев көшесі, 42
Атакент – Алматы қаласындағы бірегей кәсіби көрме кешені. Ол жалпы алаңы 19 610 шаршы метр, аралары бір-бірімен қосылып жатқан 6 заманауи көрме павильонынан тұрады. Әр павильонның жеке есігі және жүк қақпалары бар.
Төбелері 6 метрді құрайды, 9-шы павильоннан басқалары (бұл павильон екі қабатты болғандықтан төбенің биіктігі 2,5 метр). Стендтің жоғарысында орналасқан төбеге экспоненттің баннерін немесе басқа да ақпарат ілу мүмкіндігі бар. Келушілер қай стендке барудың қызық болатынын кіреберістен бастап көреді. Көрме залы заманауи көрме технологияларының барлық талаптарына толығымен сай келеді.