27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
27-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

NOVA SUPPLY CHAIN MANAGEMENT АЛҒАШ РЕТ TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2022 КӨРМЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

Қытай компаниясы NOVA SUPPLY CHAIN MANAGEMENT (Бас офисі Қытай, Шэньчжэнь қ.) 20-22 қыркүйекте Алматы қ. «Атакент» ІЫҚО өтетін TransLogistica Kazakhstan 2022 мерейтойлық көрмесіне алғаш рет қатысады.

Nova Supply Chain Management компаниясы өз тарихын мемлекеттік капитал қатысуымен құрылған қытай бизнесі аздаған өкілдерінің бірі ретінде 2019 жылы бастады. Компания жұмысы бағыттарының бірі – жылдамдатылған контейнерлік пойыздар көмегімен Қытайдан Ресейге және кері бағытта жүктер жеткізуді ұйымдастыру.

Клиенттерге толықтай қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін, өз жылжымалы құрамы мен көлік ыдысын пайдаланып, қызметтер көрету «One Belt One Road» қытай жобасы аясында жүзеге асырылады.NOVA 1

Қытайдан келетін пойыздарымыздың бағыттары:
Қытайдағы жөнелту стансасы: Jinhua, Yiwu, Jinan, Chongqing, Chengdu, Xi'an, Changsha
- Қытайдан келетін контейнерлік пойыз (Маньчжурия шекара өткелі)-Ресей.
- Қытайдан келетін контейнерлік пойыз (Эрэн-Хото шекара өткелі)-Монғолия-Ресей.
- Қытайдан келетін контейнерлік пойыз (Маньчжурия шекара өткелі)-Ресей-Беларусь.
- Қытайдан келетін контейнерлік пойыз (Эрэн-Хото шекара өткелі)-Монғолия-Ресей-Беларусь.

Кесілген материалдар, тағам өнімдері, шымтезек, көмір экспорты

Nova Supply Chain Management компаниясы Қытайға Ресейдің Мәскеу, Архангельск, Екатеринбург, Новосібір, Красноярск, Иркутск, Пермь, Томск, Лесосибирск, Қазан өңірлерінен; Белоруссияның Минск қаласынан Қытайға экспорт жөнелтімдері бойынша жобаларды ойдағыдай іске асырып жатыр. Жүктердің негізгі номенклатурасы – кесілген материалдар, қағаз, қатырма қағаз, тағам өнімдері, шымтезек, көмір. Жұмыс ыңғайлылығы үшін, Nova Supply Chain Management, жүкті Ресейден контейнерлерде жөнелту бойынша және Қытайда алу бойынша қызметтердің толық спектрін көрсете алады.

Филиалдар:

  1. Чэнду (Room 016, 4th Floor, B Entrance, Lingdi World Financial Plaza Tianfu 2nd Street, High-Tech Zone, Chengdu, China)
  2. Шэньчжэнь (A2103, Bantian International Center, Longgang District, Shenzhen)
  3. Иу (102,Unit2,Building 7,Lingyun 5th District, Beiyuan Street,Yiwu City,Zhejiang Province)
  4. Мәскеу, Пресненская набережная, 12 үй, 17 қабат, 6 офис (Москва-Сити, "Федерация Восток" іскерлік кешені)
  5. Минск, Гикало көш. 3 үй, 20 орынжай.

TransLogistica Kazakhstan 2022 көрмесіндегі компания стендіне келіп, көбірек пайдалы ақпарат алыңыз (компания стенді №9)
Келушілер үшін сілтеме (Промо-кодыңыз бойынша тіркелу үшін):
Сіздің ПРОМО-КОДЫҢЫЗ: TRAVL8YNSM