МУКРАН ПОРТЫ – 170 га коммерциялық және өнеркәсіптік алаңдар
Mukran Port – 2022 жылдың 20-қыркүйегінен 22-қыркүйегіне дейінгі аралықта Қазақстанда, Алматы қаласында өтетін TransLogistica Kazakhstan 2022 мерейтойлық көрмесіне қатысушы.
Мукран Порты паром, круиз, теміржол, көп мақсатты, контейнерлі, балкерлі және оффшорлы терминалдары, сондай-ақ көлемді өндіріс және қойма алаңдары бар, жалпы ауданы 430 га жуық аумақта заманауи көп функциялы портқа қажеттің барлығын ұсынып отыр.
Германияның ең үлкен аралы Рюгенде орналасқан Мукран Порты, орналасу аумағы арқасында бірнеше артықшылыққа ие болып отыр. Порттың Швециямен, Даниямен (Борнхольм), Финляндиямен, Ресеймен және Балтық елдерімен қысқа теңіз жол қатынасы бар. Ашық теңіздің өзінде орналасуы, қандай да бір аумақтық навигациясыз және міндетті түрде лоцмандық алып өтусіз портқа оңай жақындауға мүмкіндік береді.
Мукран Порты Германия Федеративтік Республикасының шығысындағы суы ең терең порты саналады әрі жүк және жолаушы тасымалы үшін мінсіз орналасқан. Қысқа теңіз тасымалдары қажет пе, әлде жеткізудің тұтас тізбегі керек пе, ол жағы маңызды емес.
Жұмыс істеп тұрған еншілес компаниялар және серіктестердің үлкен желісі көмегімен Мукран Порты клиенттер риза болуы үшін логистиканың барлық сұрақтарына жауап табуға әзір.
Логистика мен өңдеудің барлық дерлік мәселесіндегі көп жылғы тәжірибе, сондай-ақ ТМД, Скандинав, Балтық және Еуропа елдерімен ұзақ мерзімді ынтымақтастық, сондай-ақ Мукран Портындағы тамаша ноу-хау.
Мукран Порты — Балтық теңізі өңірінде 170 га коммерциялық және өнеркәсіптік алаңдар ұсынып отырған санаулы порттардың бірі.
Байланыстар:
Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
www.mukran-port.de
2022 жылғы 20-22 қыркүйекте Қазақстан, Алматы қ. «Атакент» КІЫО-да өтетін TransLogistica Kazakhstan 2022 көрмесіне келушілерге көбірек пайдалы ақпаратты тікелей білуге болады.
Көрменің билетін алдын ала сайтта онлайн тіркелу арқылы TRA022NEWS промокодын пайдалана отырып алуға болады.