28-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
28-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2024 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ЛОГИСТИКА МЕН КӨЛІКТЕГІ ТРАНСФОРМАЦИЯ ДӘУІРІН БЕЛГІЛЕДІ

2024 ЖЫЛДЫҢ 9-11 ҚАЗАНЫ АРАЛЫҒЫНДА АСТАНА, «EXPO» ХКО АУМАҒЫНДА 27-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» —TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2024 АТТЫ КӨРМЕ ӨТТІ.

Бұл соңғы жылдары халықаралық ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және логистика мен көліктегі озық шешімдердің тұсаукесері үшін жетекші платформа бола отырып, өз ықпалын едәуір кеңейткен көлік-логистика саласындағы ең ірі іс-шара.

Экспо-шараға Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Болгария, Германия, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Литва, Латвия, БАӘ, Ресей, Румыния, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония сияқты мемлекеттерді қоса алғанда, 19 елден 213 компания қатысты. Балтық жағалауы елдері — Латвия, Литва және Эстонияның ұлттық стендтері көлік технологиялары мен логистикалық процестер саласындағы озық шешімдердің арқасында басты назарда болды. Көрмеде тұрақты қатысушылар да, осындай маңызды халықаралық іс-шарада өз қызметтерін алғаш рет ұсынған жаңадан келгендер де ерекше белсенділік танытты. Биылғы жылдың дебютанттары 51 экспонент болды, олардың ішінде Gebruder Weiss, Unterer Ocr, Taklog International Transports, ABS Group Solutions и Global Customs KZ. Олардың қатысуы Қазақстан нарығына және оның Еуразиялық аймақтағы стратегиялық жағдайына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетеді.

Қазақстан өзінің көліктік-логистикалық әлеуетін белсенді дамытуды жалғастыруда. Көрмеде 105 қазақстандық компания өз жетістіктерін көрсетті, бұл ішкі нарықтың ауқымы мен мүмкіндіктерін айқын көрсетті. Бұл ретте 108 халықаралық компания Қазақстанмен ынтымақтастықты дамытуға мүдделілігін растады.

Іс-шараның сәттілігінің негізгі көрсеткіштері келушілердің саны мен географиясы болды. Үш күндік жұмыс барысында көрмеге әлемнің 49 елінен 4 021 бірегей келуші келді, бұл көрменің кәсіпқойлар үшін жетекші алаң ретіндегі жаһандық маңыздылығын тағы да растады. Қонақтар арасында мемлекеттік және жеке компаниялардың, халықаралық іскерлік қауымдастықтардың, сондай-ақ Беларусь, Болгария, Венесуэла, Грузия, Латвия, Литва, Нидерланды, БАӘ, Ресей, Румыния және Эстония сияқты елдердің делегацияларын қоса алғанда, елшіліктер мен сауда миссияларының өкілдері болды.

Көрменің салтанатты ашылу рәсімі аймақ үшін маңызды іс-шараның басталуын білдіретін дәстүрлі таспаны кесуден басталды. Пленарлық сессияға Қазақстанның көлік саласының негізгі қайраткерлері қатысты, оның ішінде Қазақстан Республикасының Көлік Вице-министрі Мақсат Қалиақпаровты, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Әміринді, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағының Бас директоры Қанат Әлмағамбетов.

Көрменің маңызды бөлігі 22 сессиядан тұратын іскерлік бағдарлама болды, оның аясында 102 спикер көлік-логистика саласының алдында тұрған негізгі мәселелер мен сын-қатерлерді талқылады. Алғаш рет «Қазақстанда теміржол көлігі мен инфрақұрылымды дамыту» және «BreakBulk Kazakhstan ірі көлемді және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау» тақырыптарында конференциялар өтті. Бірінші күннің мазмұнына екі ел арасындағы экономикалық және логистикалық байланыстарды нығайтуға бағытталған «Қазақстан-Нидерланды» Іскерлік кеңесі және OkLog жүйесінің таныстырылымы кірді. Сондай-ақ, іскерлік бағдарлама аясында көптеген B2B-кездесулер өтті, онда қатысушылар ынтымақтастықтың ықтимал жолдарын талқылап, жаңа іскерлік байланыстар орната алды.

10 қазанда қызықты іскерлік бағдарлама бірқатар маңызды шаралармен жұмысын жалғастырды. Қатысушылар I-ші «Көліктегі және логистикадағы IT-шешімдер» конференциясына қатысуға мүмкіндік алды, онда сарапшылар логистикалық операциялардың тиімділігін арттыруға және процестерді оңтайландыруға бағытталған инновациялық цифрлық технологияларды қарастырды. Сондай-ақ, III-ші халықаралық «Қазақстандағы қойма логистика нарығы» конференция өтті, онда еліміздің қойма инфрақұрылымын дамытудың ағымдағы үрдістері, сын-тегеуріндері мен перспективалары талқыланды. Сонымен қатар, бұл күні «TRANSEXPEDITIONS» ЖШС ұйымдастырған мамандандырылған семинарлар сериясы өтті, ал Латвиялық SIA SIGIS компаниясы логистиканы автоматтандырудың практикалық шешімдерін көрсете отырып, тасымалдарды жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ) таныстырды. 

Іскерлік бағдарламаның қорытынды бөлігі 11 қазан күні EXPERT TALKS форматы бойынша сараптамалық талқылаулар сериясымен аяқталды. Осы талқылаулар барысында қазақстандық көлік апталығының қорытындылары шығарылды, сондай-ақ Қазақстанда және одан тыс жерлерде көлік саласын одан әрі дамытудың негізгі бағыттары мен перспективалары айқындалды. TransLogistica Kazakhstan бағдарламасы ағымдағы мәселелерді талқылауды ғана емес, сонымен қатар саланың болашақтағы дамуына қатысты болжамдарды да қамтыды, бұл оны барлық қатысушылар үшін ерекше пайдалы етті.

TransLogistica Kazakhstan 2024 көрмесі Қазақстанның Еуропа мен Азияны байланыстыратын халықаралық көлік дәліздерінің маңызды бөлігі екенін көрсетті. Логистикалық маршруттардың жаһандық өзгерістері және транзиттік тасымалдарға сұраныстың өсуі жағдайында Қазақстан әлемдік нарықтағы өз позицияларын одан әрі өсіру және нығайту үшін бірегей мүмкіндіктер алады.

Көрменің ұйымдастырушылары Қазақстандық Iteca мен Атакент-Экспо көрме компаниялары және халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы. Іс-шараның серіктестері – BMF Port Burgas, НОВОТЭК, Победит Транс.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер Одағы, Қазақстандық тасымалдаушылар мен вагон операторлары қауымдастығы және ұлттық экспедиторлар қауымдастығының қолдауымен өтті.