28-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі
28-ші Қазақстандық Халықаралық «Көлік және логистика» көрмесі

ОСЫ КҮЗ АЙЫНДА ҚАЗАҚСТАН АСТАНАСЫНДА КӨЛІК-ЛОГИСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР МЕН ҚОЙМА ЖАБДЫҚТАРЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

2024 ЖЫЛҒЫ 9-11 ҚАЗАН АРАЛЫҒЫНДА АСТАНАДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА» - TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2024 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ.

1996 жылы дебют жасағаннан бері Translogistica Kazakhstan көрмесі бүкіл Орталық Азия аймағындағы ең ірі көлік-логистикалық көрме атағына ие бола отырып, көлік, логистика, машина жасау және аралас салаларда жұмыс істейтін мамандар үшін маңызды Орталық Азияда өтетін іс-шара болды.

TransLogistica Kazakhstan мамандарға экспедиторлық компаниялармен және жеке жүк көлігі паркінің, контейнерлердің, вагондардың, теңіз және әуе кемелерінің, терминалдардың, қоймалардың және порт инфрақұрылымының иелерімен тікелей байланыс арқылы кез келген коммерциялық жүктерді жеткізуді оңтайландыруға, сондай-ақ көлік-логистикалық тізбекті құру үшін сенімді серіктестер табуға және тиімді шарттармен ынтымақтастық туралы уағдаласуға мүмкіндік береді. Жыл сайын TransLogistica Kazakhstan көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетуден бастап жүктерді сақтауға және өңдеуге арналған бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтарға дейінгі салалық шешімдердің толық кешенін көрсетеді.

Қазіргі уақытта Translogistica Kazakhstan 2024 көрмесіне қатысатындарын әлемнің 16 елінен 200-ден астам компания растады: Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Грузия, Қазақстан, Қытай, Литва, Латвия, БАӘ, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Швейцария және Эстония. Литва, Латвия және Эстония өздерін ұлттық стендтер арқылы ұсынады.

Көрмемен қатар салалық сарапшылардың, көлік ведомстволарының басшыларының, логистикалық компаниялар мен қойма кешендерінің топ менеджерлерінің қатысуымен ауқымды іскерлік бағдарлама ұйымдастырылады. 9-11 қазан аралығында көліктік машина жасау, қойма логистикасы, IT шешімдер, габаритті емес жүктерді тасымалдауды қоса алғанда, көлік саласын дамытудың өзекті мәселелері бойынша конференциялар мен дөңгелек үстелдер өтеді. Қазақстандық көлік апталығының қорытындысы бойынша саланың негізгі сарапшыларымен Expert Talks өтеді.

Көрмеге көлік, логистика бөлімдерінің басшылары мен мамандары және басқа да кәсіпорындардың мүдделі қызметкерлері, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ұйымдар шақырылады.

Көрмені Қазақстандық Iteca және Atakent-Expo көрме компаниялары ұйымдастырады. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстан көлікшілер одағы, Қазақстан тасымалдаушылары және вагондар (контейнерлер) операторларының қауымдастығы, Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығы ресми қолдау көрсетеді.

Көрме сайты: https://translogistica.kz   

Сайтта тегін тіркелу үшін промокод: TRA24ANONS

Қатысу және ынтымақтастық мәселелері бойынша хабарласыңыз:  

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.  

тел: + 7 (727) 258-34-34