TransLogistica Kazakhstan – біздің компания он жылдан астам уақыт бойы қатысып келе жатқан жыл сайынғы көрме. Уақыт өтіп жатыр – жағдайлар өзгереді, бірақ қолдау және дамытуды қажет ететін серіктестік қатынастар қалады. Менің сапарымның мақсаты ескі серіктестермен әңгімелесу, сөз алмасу болды. Мен адамдарды бөлектетіп жіберген пандемия жағдайында көрімдеу болып, көзбен көргім келді, және де қайтадан бірлескен бизнесті жүргізудің жаңа нұсқаларын тапқым келді. Жалпы, ұйымдастырушыға, компанияға үлкен алғысымды білдіргім келеді. Мен басқа мемлекеттерден адамдар келуі үшін көлемді жұмыс атқарылғанын түсінемін, өйткені елдер арасында визасыз қарым-қатынас аяқталды, ал компания адамдарға виза алу үшін өз күшін салды. Мен көрмені өткізудің өзіне таң қалдым, өйткені оқиғаның бірінші күні көптеген адамдар болды. Бұл адамдар өз мақсаттарына жету үшін байланыстар мен құралдарды табуға мүдделі адамдар екендігі айқын көрінді.