ТІРКЕУ АШЫҚ: АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДА 28-ШІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА САЛАСЫНДАҒЫ БАСТЫ ІС-ШАРАСЫ – TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ
2025 ЖЫЛДЫҢ 30 ҚЫРКҮЙЕГІ МЕН 2 ҚАЗАНЫ АРАЛЫҒЫНДА АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ «АТАКЕНТ» ҚІЫО АУМАҒЫНДА 28-ШІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2025 КӨРМЕСІ ӨТЕДІ – БҰЛ ӨҢІРДІҢ КӨЛІК-ЛОГИСТИКА КЕШЕНІНІҢ БОЛАШАҒЫН АЙҚЫНДАЙТЫН САРАПШЫЛАРДЫҢ, БИЗНЕС ПЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚҰРЫЛЫМ ӨКІЛДЕРІНІҢ БАСЫН ҚОСАТЫН ІРІ КӘСІБИ АЛАҢ.
Биылғы жылы көрме үш павильонда өтеді – бұл ауқымды кеңею мен әлемнің түкпір-түкпірінен қатысушылардың қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Көрмеге 20 елден 250-ден астам компания қатысады деп күтілуде, олардың қатарында – жүк тасымалдау, қойма логистикасы, мультимодальды және теміржол операторлары, сондай-ақ жеткізу тізбегіне арналған арнайы жабдық пен IT-шешімдердің жетекші өндірушілері бар.
TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесінің негізгі бөлімдері:
- Жүк тасымалдау және экспедиторлық қызметтер: автокөлік, теміржол, теңіз және әуе логистикасы, мультимодальды шешімдер.
- Қойма инфрақұрылымы және жабдықтар: сөре жүйелері, қоймаларды автоматтандыру, тиеу-түсіру техникасы.
- Көлік машина жасау және арнайы техника: жүк көліктері, тіркемелер, контейнерлер және мобильді қойма кешендері.
- IT-шешімдер және логистиканы цифрландыру: тасымалды басқару жүйелері, электрондық құжат айналымы, телематика және жүктің трекингі.
- Кедендік және қаржылық қызметтер: жүктерді сақтандыру, мәмілелерді сүйемелдеу, СЭҚ аутсорсингі.
Бұл шара жыл сайын мыңдаған кәсіби мамандарды – көлік компанияларының басшыларын мен мамандарын, логистикалық операторларды, жүк жөнелтушілерді, дистрибьюторларды, өндірістік және сауда кәсіпорындарының өкілдерін жинайды.
Қазақстанның маңызды трансконтинентальды бағыттардың тоғысындағы бірегей географиялық орналасуының арқасында көлік-логистика саласы ел экономикасының өсу драйверлерінің бірі болып қала береді. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылы жүк тасымалының жалпы көлемі алдыңғы жылмен салыстырғанда 5,3%-ға артып, 4 миллиард тоннадан асты. Транзиттік сегмент айтарлықтай өсімді көрсетті: Қазақстан аумағы арқылы контейнерлік жүктің транзиті 7,8%-ға өсіп, жиырма футтық эквивалент өлшемімен 1 миллион контейнерден асты.
Мемлекет инфрақұрылымды дамытуға белсенді түрде инвестиция құйып жатыр: автомобиль және теміржол магистральдарын жаңғырту жобаларына, жаңа логистикалық терминалдар құрылысына, қызметтерді цифрландыруға қаржы бағыттауда. Алдағы жылдарға арналған саланың басым бағыттары қатарында: «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» бағытының транзиттік әлеуетін арттыру, Трансқазақстандық бағыттың инфрақұрылымын кеңейту, Каспий теңізіндегі порттық қуаттарды дамыту, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар үшін электрондық сервистер мен платформаларды енгізу бар.
Бұл процестер заманауи көлік, қойма және цифрлық шешімдерді ұсынатын компаниялар үшін, сондай-ақ жеткізу тізбегінің тиімділігін арттыруға мүдделі жүк жөнелтушілер мен дистрибьюторлар үшін кең мүмкіндіктер ашады.
TransLogistica Kazakhstan 2025 көрмесіне келу – бұл үш күн ішінде Орталық Азиядағы көлік және логистика қызметтерінің заманауи нарығы туралы толық түсінік алудың бірегей мүмкіндігі, жаңа сенімді серіктестер табу және жеткізу тізбектерін басқаруға арналған озық шешімдермен танысу. Көрме іскерлік байланыстар желісін кеңейтуге, тасымалдаушылармен, экспедиторлармен және жабдық жеткізушілерімен тікелей байланыс орнатуға, тиімді ұсыныстарды іріктеуге және цифрландыру мен транзиттік бағыттарды дамыту бойынша жаһандық трендтердің бүгінгі таңда Қазақстан мен өңір елдері нарығына қалай әсер ететінін түсінуге көмектеседі. Келушілерді тіркеу қазірдің өзінде ашық – TRAN25NEWS промокодын қолданып, іс-шараның ресми сайтында немесе сілтеме арқылы тегін электронды билет алыңыз.
Орталық Азиядағы көлік және логистика саласының басты кәсіби алаңының бір бөлігі болуға және бүкіл әлемнің мамандарымен бірге саланың даму бағытын белгілеуге мүмкіндік беретін сәтті жіберіп алмаңыз!
Іс-шараның ұйымдастырушылары: Iteca және Атакент-Экспо қазақстандық көрме компаниялары, сондай-ақ халықаралық серіктесі – ICA Events компаниялар тобы.