Көрме туралы

24-ШІ TRANSLOGISTICA KAZAKHSTAN 2020 - ”КӨЛІК ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА” ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІ

2020 жылы TransLogistica Kazakhstan Алматы қаласы “Атакент” ҚІЫО аумағында 14 - 16 қазан арасында өтеді. 

TransLogistica Kazakhstan - маңыздылығы және келушілер саны жағынан ТМД және Прибалтика елдеріндегі TransRussiа көрмесінен кейінгі екінші, Орта Азиядағы ең ірі көлік-логистикалық қызметтер және технологиялар  көрмесі.

1996 жылғы бастама сәтінен бері TransLogistica Kazakhstan жобасы көлік, логистика, машина жасау және жаспарлас салаларда жұмыс істейтін мамандарға арналған Орта Азиялық маңызды оқиғаға айналды.  

TransLogistica Kazakhstan мамандарға экспедиторлық компаниялармен және жүк көліктері паркінің, контейнерлердің, вагондардың, теңіз және әуе кемелерінің, терминалдардың және порт инфрақұрылымдарының қожайындарымен тікелей байланыс құру арқылы кез келген коммерциялық жүкті жеткізуді оңтайландыруға, сонымен қатар көлік-логистикалық тізбек құруға арналған сенімді серіктестер табуға және ұтымды шарттарда ынтымақтастыққа келісуге мүмкіндік береді. Жыл сайын TransLogistica Kazakhstan салалық шешімдердің толық кешенін паш етіп келеді: көлік-логистикалық қызмет көрсетуден бастап бағдарламалық жасақтамаға және жүкті өңдеу мен сақтауға арналған жабдықтарға дейін.

Көрме қатысушылары арасында - Қазақстанның және шет елдік теңіз порттарынның, арнайы экономикалық аймақтардың және темір жолдардың  әкімшіліктері; КЛО; логистикалық компаниялар; автотехника өндірісшілері және дилерлері; вагон жасаушы және жөндеуші зауыттар;логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған жабдық жеткізушілері; қойма жабдығы өндірісшілері; жүк өңдеу және жинаумен айналысатын компаниялар; бағдарлама жасақтама әзірлеушілері; көлік саласына IT шешімдер, үрдістерді автоматтандыру және жүйелі біріктіруге арналған технологияларды ұсынушы ғылыми және технологиялық компаниялар, сонымен қатар сақтандыру және консалтинг компаниялары. 

2019 жылы Translogistica Кazakhstan көрмесіне Әзербайжан, Беларусь, Гонконг, Қытай, Латвия, Литва, БАӘ, Польша, Ресей, Украина, Эстония және Финляндия елдерінен 97 компания қатысты.

Көрмемен бірге 2-ші “Көлік және логистика нарығы” халықаралық конференциясы, “Көлік және логистиканы дамытудағы ғылым мен білімнің ролі” дөңгелек үстелі және “Көлік және қоғам арасындағы диалог” сараптамалық сессиясы ұйымдастырылды.  Бұдан басқа Қазақстанның көлікшілері одағы отандық және қытайлық экспедиторлардың кездесуін өткізді, ол жерде ҚХР мен ҚР шекаралары арқылы өтетін транзитті ұлғайтуға қажетті шаралар талқыланды. 

TransLogistica Kazakhstan көрмесі ҚР Инвестиция және инфрақұрылымдық даму министрлігінің,  “Қазақстан Темір Жолы” ҰК” АҚ, «KAZLOGISTICS» Қазақстанның көлікшілер одағының, Қазақстандық тасымалдаушылар және вагон операторлары қауымдастығының, Ұлттық экспедиторлар қауымдастығының қолдауымен өтеді.